2004 жылы Евгений Цой негізін қалаған Metropolis сәулет бюросы бүгінгі күні кәсіпқойларды – дарынды сәулетшілерді, дизайнерлерді, урбанистерді, инженерлерді, құрылыс материалдары саласының мамандарын бір ортаға біріктіріп отыр. Мол тәжірибе жинаған және жоғары білікті мамандарды топтастырған біз әрқашан да жобалау саласында заманауи технологияларды және жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде тиімді басқаруды ендіруге ұмтыламыз.

Қызметіміздің саласы – күрделілігі, ауқымы мен функционалдық арналу мақсаты алуан түрлі жобаларды – қала құрылысы кешендерін, қоғамдық, мәдени және спорттық құрылыстарды, көп функционалдық кешендердің жобаларын әзірлеу, ғимараттарды қайта құру, интерьер дизайнын әзірлеу, құрылыс салуды дамыту және басқару, әлемнің әр түрлі елдеріндегі девелоперлік жобалар.

Біздің әрбір жобамыз – бұл пікірталас жүретін және үздік шешімдер синтезделетін сындарлы диалогтың нәтижесі. Біз тәжірибені, ортаның талаптарын, өзгеріп отырған жағдайлар мен жаңа үрдістерді ескере отырып, өзіміздің жобаларымызға біртұтас, мультипәндік және талдампаздық тәсілдемелерді пайдаланамыз.